Облыс әкімі жұмыс сапарымен Орынбор қаласына барды. Онда ол "Ресей мен Қазақстанның ұлттық мақсаттары: даму және ынтымақтастық бағыттары" тақырыбындағы конференция жұмысына қатысты. Кездесу барысында қатысушылар шекара маңындағы өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Әсіресе логистиканың тиімділігін арттыру, тауар айналымын ұлғайту және бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Асхат Шахаров өз сөзінде Ресей өңірлерімен өзара ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын атап өтті. Атап айтқанда, "Сағаршын" өткізу бекетін жаңғырту мәселесі көтерілді. Қазақстан тарапынан жол инфрақұрылымы дамып келе жатқанына қарамастан, Ресей аумағындағы учаскеде шектеулер сақталып отыр. Бұл өз кезегінде көлік кептелісін туындатып, өткізу қабілетінің төмендеуіне әсер етуде.