Астана ауданының әкімдігі Қытай Халық Республикасының Ақтөбедегі Бас консулдығының қызметкерлерімен бірігіп, тал егу акциясына өз үлесін қосты. Көгалдандыру жұмыстары «Анаға тағзым» ғимаратының алдында жүргізілді. Онда қатысушылар отызға жуық шырша көшеттерін отырғызып, белгіленген аумақты көркейтті. Акция жасыл желектердің санын көбейтіп, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталды. Жалпы, жазғы мезгілде аудан бойынша 15 мыңнан астам түрлі ағаш отырғызу жоспарланып отыр.