Биыл көрнекті ақын, композитор, дараматург Бәкір Тәжібаевтың туғанына 100 жыл. Ол "Ақбұлақ", "Әлия", "Есіңе мені алғайсың" сынды әндерімен ел жүрегінде сақталған. Талантты тұлғаның ғасыр тойына орай Байғанин ауданының өнерпаздары қала тұрғындары үшін көрме ұйымдастырып, ән шырқады.