Өңірге Парламент Сенатының депутаты Геннадий Шиповских жұмыс сапарымен келді. Халық қалаулысы аймақтың белсенді жастарымен жүздесті. Кездесу барысында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, жастардың қоғамдағы рөлі және елді көркейтуге қосатын үлесі талқыланды. Сенатор жасанды интеллект бағытындағы жастардың сауалдарына жауап берді.