Қазақ кәсіби музыкасының негізін салушы, композитор, дирижер Ахмет Жұбановтың туғанына биыл - 120 жыл толып отыр. Талантты тұлғаны ұлықтауға арналған мәдени шара мен ғылыми конференция Мұғалжар ауданында өтті. Онда әйгілі академиктің саналы ғұмыры мен шығармашылығына кеңінен насихатталды.