Оқырман ұрпақ – жарқын болашақ. №10 жалпы білім беретін орта мектепте Ұлттық кітап күніне орай танымдық іс-шара өтті. Бағдарлама аясында "Кітапханадағы смарт ұрпақ" зияткерлік ойыны өтіп, оқушылардың білім деңгейі сыналды. Сондай-ақ кездесуде кітаптың болашақ мамандық таңдаудағы рөлі талқыланды. Ал «Кітап сыйла – білім сыйла» акциясы аясында қатысушылар бір-біріне кітап тарту етті. Ал, кеш қонағы ретінде ақын, журналист Гүлжайнар Қалдина шақырылды. Ұйымдастырушылар, мұндай шаралар жас ұрпақтың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, олардың рухани дамуына оң әсер етеді-деген пікірде.