Жыл басынан бері облыста интернет алаяқтықтың 228 жағдайы тіркелді, залалдың жалпы сомасы 541 млн теңгені құрады. Мұндай фактілердің санын азайту үшін жастармен профилактикалық кездесулер тұрақты негізде өткізіледі. Бүгін Қ. Жұбанов унивверситетінің студенттеріне цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру және интернетте қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру тақырыбында дәріс оқылды. Кездесу барысында қатысушыларға интернет-алаяқтықтың нақты мысалдары келтірілді. Сонымен қатар, студенттерге киберволонтерлік қозғалыстың басталуы туралы ақпарат беріледі. Оның мақсаттары мен міндеттері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ жастардың интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимылға белсенді қатысуының маңыздылығы атап өтілді.