Қалада самбодан 2010 және 2011 жылғы жасөспірімдер арасында республикалық чемпионат өтіп жатыр. Спорт додасына 600-ден астам үміткер қатысуда. Яғни, еліміздің әр аймағынан келген және өңірлік жас спортшылар боз кілемде бүгін 2-ші күн қатарынан бақ сынады. Жеңімпаздар Азия және әлем чемпионаттарына жолдама алмақ.