Шаһардың тазалығы басты назарда. Күл - қоқыстан арылтып, тал теректің күнделікті күтімінен бөлек, кәсіпкерлік нысандардың айналасын тазарту да жүйелі жұмыстар қатарында. "Таза Қазақстан" ұлттық эко акциясы аясында аймақта тазалық шаралары тұрақты түрде өткізіледі. Бүгін кәсіпкер Сергей Вишняк өз кәсіпкерлік нысанының аумағын қызметкерлерімен бірге жинап, бастамаға үлес қосты.