Абай облысында Ақтөбе облысының мәдениет күндері өтті. Айтулы шараға аймақ басшысы бастаған арнайы делегация барды. Құрметті меймандар алдымен облыс әкімі Берік Уәлимен бірге Абай ауданына барып, Жидебайдағы «Абай-Шәкәрім» кесенесінде болып, ұлылар рухына тағзым етті. Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығына қарасты Абай музей-үйін аралап, құнды жәдігерлермен танысты. Аймақ басшысы Асхат Шахаров Абайдың 180 жылдығына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен басталған «Абайға құрмет» акциясы аясында Ақтөбе облысы Семейге Жекпе-жек cарайын тарту ететінін мәлімдеді