"Таза Қазақстан" акциясы аймақта жоғары деңгейде өтіп жатыр. 1000-ға жуық адамның қатысуымен ауқымды эко фестиваль ұйымдастырылды. "Таза Қазақстан - Таза болашақ" атты шараға аймақ басшысы да қатысып, колледж, мектеп, балабақша ұжымдарының жобаларымен танысты.