Жұқпалы аурулардан қорғанудың ең тиімді жол - вакцина қабылдау. Аймақтың эпидемиолог мамандары осылай топшылап отыр. Себебі, соңғы уақыттары өңірде қызылша мен көкжөтелге қарсы жасалған вакцинация өз тиімділігін көрсеткен. Атқарылған ауқымды жұмыстардың арқасында жыл ішінде аталған жұқпалы аурулардың көрсеткіші едәуір төмендеген. Әйтсе де, жұқпалы ауруды жұқтырушылар әлі де тіркелуде.