"Медицинадағы морфология: Іргелі теориялардан клиникалық шешімдерге дейін". Осындай атаумен М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінде 1-ші Халықаралық конференция өтті. Шараға Әзербайжан, Қызрғызстан және Ресейден қонақтар арнайы шақырылған құрметті меймандар қатысты. Олар баяндамаларын оқып, алдағы уақытта өзара ынтымақтастықты дамыту және саладағы түрлі мәселелерді шешуге қатысты бірлесе жұмыс істеу жайлы пікір алмасты.