Облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мамандары мен прокурорлар бірігіп, М.Оспанов атындағы батыс Қазақстан медицина университетінде білім алып жатқан шетелдік студенттермен кездесті. Шара барысында бүгінде қоғамда өршіп тұрған интернет-алаяқтық қылмыстары және оның алдын алуға бағытталған жоспарлы шаралар барысы айтылды. Сала мамандары цифрлық қауіпсіздік мәселесін негізге ала отырып, шетелдік студенттерді түрлі қылмыстық әрекеттерден аулақ болуға және жеке деректерін бөгде адамдарға бермеуге шақырды. Бір қызығы бұл жолғы кездесу ағылшын тілінде өтті.