Темір ауданында Қазақстанның Құрметті журналисі, «Мәдениет қайраткері», ақын, «Үш таған» журналының бас редакторы Ертай Ашықбаевтың мерейлі - 70 жасына арналған тағылымы мол мәдени кеш өтті. Шара барысында ақынның өмір жолы мен әдеби мұрасы кеңінен насихатталды. Жырлары оқылып, қаламгердің сөзіне жазылған әндер орындалды. Мерейтой иесі туған елдегі ыстық естеліктерімен бөлісіп, жылы лебізін білдірді.