Тәртіпке бағыну, заңды құрметтеу – міндет емес, жарқын болашаққа бастайтын маңызды қадам. "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында колледж білім алушыларымен тағылымды кездесу ұйымдастырылды. Шақырылған спикерлер жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, уақытты тиімді пайдаланып, жаман әдеттерден аулақ болуға шақырды.