1960 жылы 29 қазаннан бастап «Қазақстан» РТРК АҚ Ақтөбе филиалы хабарлар тарата бастады. Филиал қала мен қалаға жақын елді мекендерге 10-шы арна бойынша тәулігіне 14 сағат, 8-ші арна бойынша облысқа 1 сағат хабар таратады. Хабарлардың 80 пайызы қазақ тілінде, 20 пайызы орыс тілінде шығады.
«Қазақстан» РТРК АҚ Ақтөбе облыстық филиалының басты мақсаты мен міндеті - облыстың саяси-экономикалық дамуы мен мәдени-әлеуметтік жағдайын, ел өміріндегі жаңалықтарды, өзгерістерді қалт жібермей хабарлар дайындау, мемлекет саясатының жергілікті жерде қалай жүзеге асып жатқандығын көрсету, халыққа қажетті ақпарат тарату.