АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
«Қазақстан» РТРК АҚ-ның Ақтөбе облыстық филиалы 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары кезекті сайлауына қатысатын партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлауалды үгіт материалдарын телеарналар эфирінде орналастырудың жалпы шарттары
«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы – «AQTOBE» телеарнасы (бұдан әрі – Телеарна) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Телеарнада сайлауалды үгіт материалдарын (бұдан әрі – Үгіт материалдары) орналастырудың шарттары, тәртібі және төлем мөлшері туралы хабарлайды.
Телеарна Үгіт материалдарын «Қазақстан» РТРК» АҚ мен Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған және тіркеген саяси партияның немесе оның уәкілетті өкілінің (бұдан әрі – Саяси партия) арасында жасалатын жазбаша шарт негізінде орналастырады.
Үгіт материалдарын Телеарна эфирінде орналастыру Телеарна бекіткен монтаждық парақтарға сәйкес жүзеге асырылады. Монтаждық парақтар Үгіт материалдарының эфирге шығуына дейін кемінде 3 (үш) күнтізбелік күн бұрын Телеарнаның техникалық мүмкіндіктерін, сондай-ақ өтініш келіп түскен күнгі эфирлік уақыттағы жарнаманың болуы немесе болмауын ескере отырып әзірленеді.
Телеарна эфирінде Үгіт материалдары мынадай түрде орналастырылады:
1. қазақ немесе орыс тіліндегі ұзақтығы кемінде 10 (он) секунд болатын бейнероликтер;
2. бейнесюжеттер.
Үгіт материалдарын орналастыру туралы шарт жасасуға Телеарна басшысының атына Саяси партияның немесе оның уәкілетті өкілінің берген жазбаша өтініші негіз болып табылады.
Жазбаша өтініште Үгіт материалдарының саны, ұзақтығы, эфирге шығатын күні мен уақыты көрсетіледі. Көрсетілген мәліметтер кейін шарт талаптарымен бекітіледі.
Өтініштер Саяси партиялардың өтініштерін тіркеу журналында келіп түсу кезектілігі бойынша тіркеліп, әрбір өтінішке тіркеу нөмірі мен келіп түскен күні беріледі.
Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса ұсынылады:
1. Саяси партияның тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
2. Саяси партия өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;
3. өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4. шарт жасасуға өкілеттік берілгенін растайтын құжаттар.
Телеарна эфирінде Үгіт материалдарын орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретіне қарай белгіленеді. Егер өтініштер бір мезгілде келіп түссе, кезектілік жеребе арқылы анықталады. Жеребе өткізудің тәртібі мен шарттарын Телеарна айқындайды.
Егер жазбаша өтініш келіп түскен кезде сұратылған эфир уақыты бұрын өтініш берген басқа Саяси партияға берілген болса немесе техникалық себептерге байланысты ұсынылуы мүмкін болмаса, Телеарна өзінің техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, Саяси партияға басқа эфир уақытын ұсынады.
Үгіт материалдары эфирге жоспарланған күннен кемінде 3 (үш) күнтізбелік күн бұрын ұсынылуы тиіс.
Үгіттің аудиовизуалды материалдары (бейнероликтер) DVCPRO HD немесе XDCAM HD 50 Мбит/сек кодталған форматында, 4:2:2 profile, секундына 25 кадр, HD стандартының кадр өлшемімен, interlaced өрістік жаймалау түрінде, өрістердің орналасу реті – Top Field First (жоғарғы өріс бірінші), 16:9 кадр пішімінде, біріктірілген дыбыспен және тайм-код қойылған күйде ұсынылады. Бейне және дыбыс MOV немесе MXF контейнерлерінде ұсынылуы тиіс.
Аудиосүйемелдеу мынадай техникалық талаптарға сәйкес болуы тиіс: динамикалық диапазоны – кемінде 40 дБ; жиілік диапазоны – 20 Гц-тен 20 000 Гц-ке дейін; сызықтық емес бұрмалану коэффициенті – 1 %-дан аспауы тиіс; студиялық жазба кезінде акустикалық реверберацияға («жаңғырыққа») жол берілмейді; сөйлеудің анық естілуі 100 % болуы тиіс; жазбада бөгде дыбыстардың, шудың және кедергілердің болуына жол берілмейді; 1–2 дыбыстық жолақ үшін біріктірілген дыбыс (сол және оң арналар бірдей) ұсынылады; 3–4 дыбыстық жолақ үшін бөлінген дыбыс ұсынылады.
Үгіт материалдары сыртқы ақпарат тасымалдағыштарда (қатты диск немесе USB флеш-жинақтауыш) ұсынылады.
Электрондық ақпарат тасымалдағышпен бірге мынадай құжаттар қоса беріледі: Үгіт материалы мәтінінің толық жазбаша нұсқасы; Үгіт материалдарын орналастыру туралы шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолы қойылған мәтіннің расшифровкасы; Үгіт материалдарында бейнесі пайдаланылған тұлғалардың жазбаша келісімі; егер мұндай тұлға қайтыс болған жағдайда – оның мұрагерлерінің жазбаша келісімі; жарнамалық материалдарда кәмелетке толмаған балалардың бейнесі пайдаланылған жағдайда – олардың ата-аналарының, қорғаншыларының немесе қамқоршыларының жазбаша келісімі.
Үгіт материалдарында оларды қаржыландыру көзі және төленгені туралы дыбыстық немесе көрнекі ақпарат міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
Үгіт материалдарын ұсынған Саяси партиялар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, оның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар туралы заңнамаға сәйкестігі үшін дербес жауапты болады.
Осы ақпараттық хабарламада көзделген талаптар немесе жасалған шарттың талаптары бұзылған жағдайда Үгіт материалдарын эфирге шығару жүзеге асырылмайды немесе анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Телеарна конституциялық құрылыстың негіздерін күштеп өзгертуге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығына, егемендігі мен тәуелсіздігіне қол сұғуға, қоғамдық тәртіпті бұзуға, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруге, соғыс пен қарулы қақтығыстарды насихаттауға, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, этностық немесе діни артықшылықты не алауыздықты қоздыруға, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты дәріптеуге, сондай-ақ осындай әрекеттерге шақыруға бағытталған мазмұндағы Үгіт материалдарын орналастырудан бас тартады.
Сондай-ақ Телеарна Құрылтай депутаттығына басқа кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін мәліметтер қамтылған Үгіт материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы.
Осы ақпараттық хабарламада көзделген Үгіт материалдарын орналастырудың шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының талаптарына сәйкес өзгертілуі мүмкін.
Телеарнада Үгіт материалдарын орналастыру құны және орналастыру тілі
| № | Телеарна | Орналастыру түрі | Орналастыру тілі | 1 минуттың құны (ҚҚС-пен), теңге |
| 1 | «AQTOBE» | Бейнематериалдарды орналастыру | қазақ, орыс | 30 000 |
| 2 | «AQTOBE» | Бейнесюжетті (арнайы жобаны) дайындау және орналастыру | қазақ, орыс | 45 000 |
*Ескерту: қосымша жеңілдіктер қарастырылмаған.
Орналастыру құнына Телеарнаның «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының хабар таратуының барлық қолжетімді орталарында, оның ішінде аналогтық эфирлік, цифрлық эфирлік, спутниктік хабар тарату, кабельдік операторлар желілері және интернет желісіндегі онлайн хабар тарату арқылы көрсетілуі кіреді.
Телеарнада Үгіт материалдарын орналастыру жөніндегі жасалған шарт бойынша төлем ұсынылған шот негізінде шот қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Телеарна жазбаша өтініштерді 2026 жылғы 20 шілдеден бастап 19 тамызды қоса алғанға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін, 13:00-ден 14:00-ға дейінгі түскі үзіліспен, жергілікті уақыт бойынша мына мекенжайда қабылдайды:
Ақтөбе қаласы, Т. Ахтанов көшесі, 54, 1-қабат – «AQTOBE» телеарнасында орналастыру үшін.
Факсимильдік байланыс немесе Интернет желісі арқылы жолданған жазбаша өтініштер қабылданбайды.
«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ
Ақтөбе облыстық филиалы
«AQTOBE» телеарнасы