Синоптиктердің мәліметінше, ертеңнен бастап өңірде күн күрт суытады. Аймақтың шығысында, оңтүстігінде және орталық бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Шығыс аймақтарда жаңбыр мен қар аралас жауын жауып, найзағай ойнап және бұршақ түсуі ықтимал. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15–20 метр, кей жерлерде 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін.

Ауа температурасы түнде минус 1 градусқа дейін төмендейді, күндіз сынап бағаны 4 градус жылы болмақ. 17-18 сәуірде де осындай ауа-райы сақталады деп болжанып отыр.