Өңірдің су айдындарында балық ресурстары мен басқа да су жануарларын уылдырық шашу және көбейту кезеңінде балық аулауға тыйым салу мерзімі бекітілді. Осы орайда бақылау жұмыстары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Жануарлар дүниесін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы" номері №190-шы
бұйрығына сәйкес жүргізілмек. Бұл туралы жауапты сала мамандары айтып берді.