Алғада аудан аумағында орналасқан ХІХ ғасырдың тарихи-киелі нысаны – Шәкен ишан мешіті жанында абаттандыру және сенбілік іс-шарасы ұйымдастырылды. Мешіт аумағында 50 түп ағаш отырғызылды. Шара нысанның экологиялық жағдайын жақсартуға және оның тарихи келбетін сақтауға бағытталды. Ондағы мақсат - тарихи-мәдени мұра нысанын сақтау, ұрпаққа рухани құндылықтарды насихаттау. Тазалық жұмыстарына облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы мен мүшелері, діни қайраткерлердің ұрпақтары мен жергілікті тұрғындар қатысты.