"Заң және тәртіп" жобасы аясында жүйелі жұмыстар жалғасуда. 800-ден астам білім алушысы бар оқу орнында құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру бағытындағы кездесу өтті. Бүгін білім алушылармен полиция қызметкерлері кездесті. Мамандар қоғамдық тәртіпті сақтау, кибербуллинг пен зиянды әрекеттердің салдары жөнінде түсіндірді. Мамандар заң талаптары мен құқық бұзған жағдайда қарастырылатын жауапкершілік түрлеріне тоқталды.