АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ!
"Ардагерлерді ардақтайық" қайырымдылық акциясы жалғасуда. Бүгін аймақтағы "Жасыл ел" еңбек жасағының белсенділері жалғызбасты қарияға қолғабыс етті. Жүріп-тұруы қиындаған зейнеткердің ауласы күл-қоқысқа толып, арамшөп қаулаған.