ЖАСТАР ЖОЛДАУДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы басым бағыттарды түсіндіру шаралары С. Байішев атындағы университетте жалғасты. Кездесу барысында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты міндеттер талқыланды. Әсіресе, цифрландыру, жасанды интеллектіні дамыту және құрылыс саласындағы бастамаларға басымдық берілді. Сондай-ақ, жастардың заманауи технологияларды меңгеріп, еңбек нарығының талаптарына бейімделу қажеттігі айтылды.