Негізгі Жаңалықтар ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: ЖАҢА КӨЗҚАРАС, ЖАҢА ЖАУАПКЕРШІЛІК 

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: ЖАҢА КӨЗҚАРАС, ЖАҢА ЖАУАПКЕРШІЛІК 

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасындағы «Заң мен тәртіп» құндылығы өңірдегі білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысының негізгі өзегіне айналды. Хиуаз Доспанова атындағы №14 мектеп ұжымы да осы қағидатты берік ұстанады. Білім ұясында ұйымдастырылған онкүндік оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға құрметпен қарауға және жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Кезекті іс-шара еліміздің жаңа конституциясының негізгі мазмұнын түсіндіруге арналды. Танымдық кездесуге полиция департаментінің өкілі мен "Даналық мектебінің" мүшелері қатысты. 

Бөлісу