ӨНДІРІС ӨРІСІ
Өндірісі өркендеген елдің еңсесі биік. Ал шикізатын кәдеге жаратып, оны дайын өнімге айналдырған өңірдің әлеуеті тіпті бөлек. Аймақта мұнай-газ саласына қажетті күрделі жабдықтар шығаратын кәсіпорын да, қой жүнін кәдеге жаратқан бірегей өндіріс орны да бар. Бірі - мұнайлы өлкенің өндірістік қуатын арттырса, екіншісі - мал шаруашылығының мол мүмкіндігін тиімді пайдалануға жол ашып отыр. Қос өндірістің әлеуетімен бүгін Үкімет басшысы танысып көрді.