ИММУНДЫҚ ПАТРУЛЬ
Ақтөбелік балғындар өздерінің денсаулығы туралы маңызды мағлұматтарды енді ойын арқылы ойына сіңіреді. Күрделі медициналық ұғымдарды олар "Иммундық патруль" деп аталатын цифрлық платформада меңгермек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған жоба қазақ тіліне аударылып, қазір мектеп мұғалімдеріне үйретілуде. Бүгін өңірдегі 100 педагог бағдарламаның мүмкіндіктерімен танысты.