ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ
Облыста жол бойындағы сервистік нысандардың сапасы мен қолжетімділігіне бақылау күшейтіледі. Өңірдегі барлық нысанға кешенді тексеру жүргізіліп, ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келмейтін және жұмыс істемей тұрған кешендердің жағдайы назарға алынады. Бұл туралы облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды. Жиында өңірдегі жол бойындағы сервисті және туристік инфрақұрылымды дамыту мәселесі қаралды.