ГАЗЕТ - ХАЛЫҚТЫҢ КӨЗІ, ҚҰЛАҒЫ ҺӘМ ТІЛІ
Қоғам өзгеріп, ақпарат тарату тәсілдері жаңарса да басылымның құндылығы жоғалмайды. Журналистика қай кезде де сенімді ақпарат көзі болып қала бермек. Бүгін "Қазақ газеттері" ЖШС бас директорымен өткен басқосуда қазіргі баспасөздің жағдайы, отандық басылымдардың қоғамдағы рөлі тақырыбы қаузалды.