ЖАҢА СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ КАБИНЕТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Аймақта оқушыларға арналған стоматологиялық кабинеттер саны артып келеді. Бұл жолы қаладағы Хиуаз Доспанова атындағы №14 мектепте оқушыларға арналған жаңа стоматологиялық кабинет іске қосылды. Мектепте 1 400-ге жуық оқушы білім алады. Енді олар тіс дәрігерінің көмегіне мектеп қабырғасынан жүгіне алады.