ӨНЕРГЕ АРНАЛҒАН 50 ЖЫЛ
Музыка, би, театр және бейнелеу өнері. Мәртөк ауданының шығармашылықққа жаны құштар балалары жастайынан нақ осындай өнер түрлерін жетік меңгеріп келеді. Оған басты себеп аудандағы Қамбар Медетов атындағы балалар өнер мектебі. Қазыналы білім ордасы биыл 50 жылдық мерейтойын атап өтпек. Оның үстіне көктемде мұндағы шығармашылық ұжымға жаңа ғимарат берілді. Осылайша, оқушылар үшін шығармашылық кабинеттер саны арта түсті.