ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Міржақып Дулатұлы атындағы №63 мектепте дебат ұйымдастырылды. Оқушылар заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында пікірталасты. Сондай-ақ, өз ойларын ортаға салып, өзекті мәселелерді талқылады. Ал, құзырлы орган өкілдері заң талаптары мен құқықтық жауапкершілік жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.