"ДОСТЫҚ" АЛЛЕЯСЫНЫҢ АРКАСЫНА ҚОЛТАҢБАСЫН ҚАЛДЫРҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕР ЖАЗАЛАНДЫ
Қаладағы Орталық саябақтың кіреберісіндегі әппақ арканың қабырғасына кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер жазу жазып, сурет салып кеткен. Ойын баласының әдепсіз әрекеті қала мүлкін бүлдіру болып танылды. Оқиға 8 қараша күні Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Тәртіп сақшылары тиісті шешім шығарып, оқушылардың ата аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.