«AINALA» ОҢАЛТУ 6 АУДАННЫҢ БАЛАЛАРЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ
Темір ауданының Шұбарқұдық ауылындағы «Ainala» оңалту орталығы 6 ауданның балаларына қызмет көрсетеді. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған орталық Темір ауданымен қатар Алға, Мұғалжар, Қобда, Ойыл және Байғанин аудандарының тірек-қимыл аппараты бұзылған, психоневрологиялық патологиялары, оның ішінде аутизм спектрінің бұзылыстары бар балалары кешенді оңалту көмегін тегін алады.
Ауданға жұмыс сапарымен барған облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов орталықта өткен "Ашық есік" күніне қатысып, арнайы кабинеттердің жұмысы, заманауи құрал-жабдықтар және балаларға көрсетілетін оңалту қызметтерімен танысты.