Негізгі Жаңалықтар ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІЛЕРІНІҢ ҰСТАНЫМЫ БІР 

ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІЛЕРІНІҢ ҰСТАНЫМЫ БІР 

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған мақсат-міндеттер алдағы жұмыстың негізгі бағдары болуы тиіс. Ақтөбелік қоғам белсенділері осындай пікірде. Өңірлік Азаматтық орталықта бағдарламалық құжаттың басым бағыттары талқыланды. Орталық құрамында 50-ге жуық қатысушы бар. Оның 30-ы тұрақты мүшесі болса, қалғандары еріктестер. Кездесу барысында азаматтық қоғам өкілдеріне Президент бастамаларының негізгі бағыттары түсіндірілді. Сондай-ақ елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың маңызы сөз болды. Қоғам белсенділері бұл бастамаларды іске асыруға азаматтық сектор да белсенді атсалысуы қажет екенін атап өтті. 

Бөлісу