ЕСІРТКІСІЗ ҚОҒАМ - ҚАУІПСІЗ БОЛАШАҚ
Заң мен тәртіп қағидаты аясындағы іс-шаралар жалғасуда. Кеше қалалық №9 мектеп гимназиясында құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен профилактикалық кездесу өтті. Жиынның басты мақсаты - жас ұрпақтың есірткі заттарын қолдануға деген тұрақты теріс көзқарасын қалыптастыру, заңсыз заттар айналымына байланысты құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу.