ЖОЛДАУ: МӘДЕНИЕТКЕ ЖАҢА БАҒЫТ
Ақпараттық топ мүшелері шығармашылық зиялы қауыммен де жүздесті. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген басым бағыттарды талқылады. Жиында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және мәдениеттің қоғам өміріндегі рөлі сөз болды. Маңызы құжаттағы міндеттерді кеңінен түсіндіріп, оны жүзеге асырудағы ортақ жауапкершілікті айқындады.