А.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНЕ – 55 ЖЫЛ!
Биыл Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледждің құрылғанына - 55 жыл толды. Айтулы күнге орай ауқымды концерттік шара ұйымдастырылды. Салтанатты кешке эстрада жұлдыздарының тұтас буынын тәрбиелеген ұстаздар қауымы қатысты. Сондай-ақ, оқу ордасын құттықтауға колледж түлектері мен мәдениет, өнер саласының майталмандары жиналды.