ЖОЛДАУ ЖАҢА МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЙДІ
Мемлекет басшысының Жолдауы - ел дамуының басым бағыттарын айқындап, әр салаға нақты міндет жүктейтін маңызды құжат. Мәдениет саласының өкілдері бас қосқан жиында Жолдаудағы бастамалардың мән-маңызы талқыланды. Әсіресе, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, рухани мұраны сақтау және мәдениет саласын дамыту мәселелеріне басымдық берілді. Қатысушылар көтерілген міндеттерді жүзеге асыруда мәдениет қызметкерлерінің жауапкершілігі жоғары екенін атап өтті.