2 КЕЛІГЕ ЖУЫҚ МАРИХУАНА ТӘРКІЛЕНДІ
«Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз сақтау дерегін анықтады. Саяжай аумағында 33 жастағы ер адамды тексеру кезінде полицейлер одан өсімдік тектес зат салынған пакетті тәркіледі. Кейін күдіктінің тұрғылықты жерінде жүргізілген тінту барысында ішінде 15 орамасы бар пакет пен өсімдік тектес зат салынған сөмке табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың марихуана екені анықталды. Сонымен қатар, сараптама ер адамның есірткілік масаң күйде болғанын растады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті шаралар жүргізілуде.