ҚАЛАДА КӘСІПҚОЙ БОКС КЕШІ ӨТТІ
Өткен сенбіде «Жекпе-жек» спорт сарайында «Чемпиондар түні» кәсіпқой бокс кеші ұйымдастырылды. Спорттық шараға Өзбекстан, Ресей, Армения, Панама және Уганда мен еліміздің боксшылары қатысып, түрлі салмақ дәрежелері бойынша 10 жекпе-жек өткізді. Онда Қандыағаш қаласының тумасы Нұртас Әжбенов пен Өзбекстан өкілі Бүркіт Ходжибоев арасындағы кездесу жергілікті жанкүйерлердің назарын аударды. Сонымен қатар өңірлік спортшы Орақ Кәкенов пен Әділет Алтаев бір-біріне қарсы шаршы алаңға шығып, кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесулерін өткізді. Ал кештің басты жекпе-жектерінде Саматәлі Төлтаев Панама өкілі Хесреэль Корралеспен жұдырықтасса, Армат Арманұлы Уганда боксшысы Шадири Муса Бвогимен қолғап түйістіріп, жеңіске жетті.