АУЫЛ ІШІЛІК ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛІП, ЖАҢА КӨПІР САЛЫНДЫ
Қарашада Ембі қаласына кіреберістегі Жем өзені арқылы өтетін көпір пайдалануға берілмек. Мұнда құрылыс жұмыстары осыдан 2 жыл бұрын су тасқының салдарынан басталған болатын. Сонымен қатар, биыл Қандыағаш–Ембі–Шалқар–Ырғыз тас жолының бір бөлігін жөндеу жұмыстары да аяқталды. Ендігі кезекте Мұғалжар ауданына қарасты елді мекендерде ауыл ішілік жолдар жөнделіп жатыр. Ауданда бұдан өзге де маңызды жобалар қолға алынған.