"AQTOBE" ТЕЛЕАРНАСЫНА - 66 ЖЫЛ
Бүгін - төл арнамыздың туған күні. Аймақтың айнасы “Ақтөбеге” - 66 жыл . Жарты ғасырдан астам уақыт бойы телеарнамыз өңірдің шежіресін таспаға түсіріп, тыныс-тіршілігін, әлеуметтік-экономикалық дамуын және мәдени өміріндегі маңызды оқиғаларды көрерменге үздіксіз жеткізіп келеді. Қарашаңырақ талай буын журналистің кәсіби мектебіне айналды. Бүгінде телеарна ұжымы өңірдегі өзекті мәселелерді көтеріп, ел жаңалығын жедел әрі шынайы жеткізу бағытында жұмысын жалғастыруда.