ҚОҒАМ. ОТБАСЫ. БОЛАШАҚ.
Отбасы – тәрбие бастауы, қоғамның тірегі. Алайда ақпарат ағыны күшейген заманда ұрпақ тәрбиесі мен отбасылық қарым-қатынасқа қатысты көзқарастар да өзгере түсті. Мәселен, жеке шекара деген ұғым пайда болды. Ұлттық құндылықтарды қалай сақтаймыз? Заманауи психологиялық түсініктерді қалай саралау керек? Осы мәселелер Қобда ауданында ішкі саясат бөлімі және тәуелсіз сарапшылар институтуының ұйытқысымен өткен «Қоғам. Отбасы. Болашақ.» атты конференцияда талқыланды.