ЗАҢСЫЗ МҰНАЙ ТАСЫМАЛЫНА ТОСҚАУЫЛ ҚОЙЫЛДЫ
Заңсыз мұнай тасымалының жолы кесілді. Экономикалық тергеп-тексеру департаменті экспорттауға шектеу қойылған 115 тонна мұнай өнімін шетелге заңсыз шығармақшы болғандардың әрекетін әшкереледі. Тексеру нәтижесінде белгілі болғандай, екі вагон цистерна өзге өнім ретінде рәсімделген. Жүк жөнелтуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар жауапты серіктестіктің басшысымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, қолданыстағы заңнама талаптары түсіндірілді.