ПУШКИН АТЫНДАҒЫ САЯБАҚ ҚАЙТА ЖАҢАРТЫЛАДЫ
Қала әкімі Азамат Бекет шаһардың ескі бөлігінде орналасқан А.С. Пушкин саябағының құрылысына жауапты мердігер мекеме өкілдерімен кездесті. Қазір жөндеу жұмыстарына дайындық жүріп жатыр. Аумақ тазартылып, жуырда инженерлік желілер жүргізіліп бастайды. Еске салайық, саябақты мемлекет меншігіне алу үшін сот процессі ұзақ уақытқа созылған еді.