Негізгі Жаңалықтар ЗАМАНАУИ IT-ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТЕГІН МЕҢГЕРУГЕ МҮМКІНДІК БЕРЕТІН AQTOBE IT HUB АШЫЛДЫ

ЗАМАНАУИ IT-ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТЕГІН МЕҢГЕРУГЕ МҮМКІНДІК БЕРЕТІН AQTOBE IT HUB АШЫЛДЫ

Республика күні қарсаңында Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің базасында заманауи білім беру орталығы – AQTOBE IT HUB ашылды. Мұнда бағдарламалау, робототехника, жасанды интеллект және басқа да цифрлық бағыттар бойынша білім беріледі. Жаңа орталық оқушылар мен жастардың сұранысқа ие дағдыларды меңгеруіне, өз жобаларын жүзеге асыруына және болашақ мамандықтарға дайындалуына септігін тигізбек. Аймақ басшысы жаңа алаңның мүмкіндіктері, заманауи жабдықтары мен оқыту бағыттарымен танысты.

Бөлісу