БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
"Таза Қазақстан" жалпыұлттық бастамасы аясында белсенді жастар қала тазалығына өз үлестерін қосты. Олар "Есет батыр" тұрғын алабы мен "Рауан" елдімекенінің арасындағы аумақты күл-қоқыстан арылтып, қоршаған ортаға бей-жай қарамайтындарын көрсетті. "Таза бейсенбі" акциясы елдімекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға, тұрғындардың өмір сүру ортасын жайлы етуге және қоғамның экологиялық мәдениеті мен сауаттылығын арттыруға бағытталды.