"ҚАУІПСІЗ ҮЙ" ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАСЫ
111 заңбұзушылық. Өңірде осынша көші-қон тәртібін бұзу дерегі анықталды. Оның 81-і – ел аумағында заңсыз жүрген шетелдіктер. Ал рұқсатсыз үй жалға берген 67 дерек тіркелді. Бұл - өңірде жүріп жатқан «Қауіпсіз үй» профилактикалық шарасының алғашқы нәтижелері. Құзырлы органдар енді кімдерді тексеріп, қандай заңсыздықтардың бетін ашты?