«А» ЖӘНЕ «В» САНАТЫНДАҒЫ ОТБАСЫЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ 14 ТҮРІ БЕРІЛМЕЙДІ
Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінің деректерін ескере отырып, халыққа атаулы әлеуметтік қолдау көрсету тетіктерін жетілдіру мәселесі талқыланды. Атап айтқанда, жаңа жылдан бастап «А» және «В» санатындағы отбасыларға әлеуметтік төлемнің 14 түрі берілмейтін болды.